Интернет трафигімен алмасу нүктесі
«МТҚ» АҚ Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен және Шымкент қалаларында интернет трафигімен алмасу нүктелерін (ИТАН) сүйемелдейді.
ИТАН мақсаттары
- Қазақстандық операторлар желілерінің максималды байланысын қамтамасыз ету;
- Ақпараттық қауіпсіздікті арттыру;
- Ішкі интернет-ресурстарға интернет трафигін беру маршруттарын қысқарту және жүктемені Қазақстан Республикасының қалалары бойынша бөлу арқылы олардың қолжетімділігін арттыру;
- Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің сенімділігі мен тұрақтылығын тікелей ИТАН-ға қосылу арқылы арттыру.
Сүйемелдеу келесі заңнамаларға сәйкес жүзеге асырылады
- 2004 жылғы 5 шілдедегі №567 «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- 2020 жылғы 30 қазандағы №70/нс ҚР ҰҚК Төрағасының бұйрығымен бекітілген «Операторлар желілерін ИТАН-ға қосу және интернет трафигін өткізу ережелерін бекіту туралы».
Байланыс үшін:
Телефон: +7 (7172) 55-93-77 (ішкі. 716)